kz
RU EN

Қазақстанға қош келдіңіздер!

Болашақ сізді осы ғажайып және көпұлттық елде ғанибетпен қарсы алады. Біз сіздерге қызметімізді жүргізетін Қазақстан, Ұлыбритания аймақтары және басқа халықаралық нысандар туралы біраз жалпы ақпарат беруге қуаныштымыз.

Қазақстан
Халықаралық кеңсе
Атырау
Алматы
Нур-Султан
Ақтау
Орал
Ақсай
Теңіз

Атырау - Қазақстанның мұнай өнеркәсібі саласының басты орталығы.


XVII ғасырдың басында, Төменгі Яик деп аталатын балық аулайтын ауыл пайда болды. XVIII ғасырдың басында оның аты қалада өмір сүріп, оны жақсартып, нығайтқан ресейлік саудагерлер отбасының құрметіне Гурьев деп өзгертілді. Қала 1992 жылға дейін «Гурьев» деп аталып, тәуелсіздік алғаннан кейін «Атырау» деген атауға өзгертілді.


1890 жылы Атырауда алғаш рет мұнай табылып, сол кезден бастап ол қаланың негізгі саласы балық аулаудың орнын басты. Облыста көптеген өндіруші кен орындар бар, соның ішінде екі ірі кен орны: Теңіз және Қашаған. Мұнай өнеркәсібі өрлей бастағаннан бері, Атырау әсіресе соңғы 20 жыл ішінде қуатты дамыды. Қалада жаңа тұрғын үйлер, бизнес орталықтары, тұрғын ықшам аудандары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен сауда орталықтары пайда болды.


Қазақша Жайық деп аталатын Орал өзеңі, қала орталығынан өтіп, Еуропа мен Азия арасындағы табиғи шекара болып табылады. Қаланың көрікті жері – жаяу жүргіншілерге арналған жолы бар өзен жағасы. Қыста өзен мұзбен жабылады, алайда нағыз балықшылар өздері жасаған мұз шұңқырларынан балық аулауды тоқтатпайды. Қаланың орталығында екі құрлық - Еуропа мен Азия кездесетін жердің символына айналған өзен үстінен өтетін көпір бар.


Атыраудағы назар аударарлық орындардың ішінде облыстық әкімшілік ғимараттарын, Оралдың еуропалық жағасында орналасқан, алдында осы жердің тумасы деп жорамалданатын 13-ші ғасырдағы Мысыр билеушісі Бейбарыстың ескерткіші бар Ақ үйді атап өтуге болады. Бұдан әрі, Сәтбаев атындағы басты көшеде ақын-батыр Махамбеттің және оның досы Исатайдың әсерлі ескерткіші тұрған алаң бар. Бұл алаң - халық арасында жиналу және ойын-сауық үшін танымал орын болып табылады. Алаңға жуық жерде жаңа мешіт пен 1880 жылы салынған Успенский тарихи соборы бар. Қаланың еуропалық жағында жаяу жүргіншілер көпірі арқылы «Жилгородок» деп аталатын әдемі жасыл маңаймен байланысқан Жеңіс саябағы орналасқан.


Атырауда көптеген тағамдар мен сусындар ұсынылатын көңілді уақыт өткізетін жерлер көп - Ирландық барлар, суши, пицца және басқа да халықаралық тағамдар мейрамханалары, сондай-ақ дәстүрлі қазақ және орта азиялық тағамдары бар мейрамханалар.

Қазақстан – кең байтақ ел. Оның көлемі 2,7 миллион шаршы шақырым құрайды, оның көлемі әлем бойынша тоғызыншы орын алады. Қазақстанның аумағы Еуропалық Одақтың он екі елінің бірге алғанда құрайтын аумақ көлемінен асады! Қазақстан Қытаймен, Қырғызстанмен, Түркіменстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен шектеседі.


Республиканың аумағы батыста Волганың төменгі ағысынан шығысқа қарай - Алтай тауларының етегіне дейін - 3000 шақырымнан астам (екі сағаттық белдеуді құрайды), және солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан оңтүстіктегі Қызылқұм шөліне дейін 2000 шақырымға дейін созылады.


Қысқаша анықтама


Халық саны: 17,948,000 (2014 жылғы мағлұматтар)


Астанасы:Астана (10 желтоқсан 1997 ж.), халық саны 828,759 (2014 жылғы мағлұматтар).


Тілі:қазақ тілі - мемлекеттік тіл, алайда орыс тілі де кеңінен пайдаланылады.


Валютасы:қазақстандық тенге (KZT).


Діні:Қазақстан Республикасының халқы әртүрлі, және 120-дан астам этникалық топтан құралады. Негізгі дін – Ислам діні, бірақ елде Христиан діні мен Иудаизмді қоса, басқа дінді ұстанатын халықтар тұрады.


География:Қазақстан географиялық жағынан да өте алуан түрлі. Қазақстанның негізгі бөлігін шөл мен дала құрайды, алайда басқа бөліктері ормандарға, көлдерге және тауларға бай.


Ауа-райы: Елдің мұхиттан қашықтығы, сондай-ақ аймағының кеңістігі Қазақстанның ауа-райына әсерін тигізеді. Ауа-райы күрт құбылмалы – температурасы қыста Цельсий бойына – 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.


Экспорт:Мұнай және газ, минералдардың кең шоғыры (мыс, қорғасын, цинк, хром, уран алтынды қоса), болат, бидай.


Қазақстанның тарихы өте бай және әсерлі – ол , елдің оңтүстік бөлігінен өткен Жібек Жолының солтүстік бағдарын сонау көшпенділер мекендеген кезден бастап 20-ғасырда, еліміздің Кеңес Одағының бөлігін құраған кездері мен бүгінгі табысты тәуелсіз мемлекет болғанға дейін кезеңдерді қамтиды.


Кеңес Одағы құлағаннан кейін, 1991 жылы Қазақстан егеменді елге айналды. Тәуелсіздік кезеңінде мемлекетіміз едәуір дамып, өрістеді. Қазақстан экономикасы Орта Азия бойынша ең ірі болып саналады, сондай-ақ ол мұнай және алуан түрлі минералдардың ірі жеткізушісі болып табылады.


Қазақстан – түрлі ландшафттары бар, жайдарлы да қонақжай халық мекендеген, өрістеп жатқан экономикасы бар таңғажайып ел. Біз сіздерді Қазақстанда қошаметпен қарсы алып ұзақ та сәтті жұмыс барысыңызда сізге қолдау көрсетуге әзірміз.

Алматы - Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Іле Алатауы жотасының етегінде орналасқан Қазақстанның ең ірі қаласы. Қаланың халық саны шамамен 1,9 миллион адамға жуық. Алматы қазір республиканың астанасы болмаса да, Орталық Азияның қаржылық, экономикалық және мәдени орталығы болып қалады.


Қалада көптеген бизнес орталықтары, театрлар, мұражайлар, көркем галереялар, көрме залдары және заманауи ойын-сауық кешендері (кинотеатрлар, түнгі клубтар, саябақтар, мейрамханалар, дәмханалар) бар.


Алматы Тянь-Шаньның керемет шыршаларымен қоршалған бақшалы қала болып саналады, ал қаланың өзі қызу базарларға, фонтандар мен алаңдарға бай.


Алматыда көруге тұрарлық орындардың ішінде қаланың қақ жүрегінде орналасқан Еске алу аллеясымен, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мәскеу шайқасында қаза тапқан, Панфилов басқарған жауынгерлердің ерлігі құрметіне Мәңгілік алауымен танымал болған 28-панфиловшылар саябағын атауға болады . Саябақта сондай-ақ толығымен ағаштан және бір шегесіз салынған Зенковский соборы және Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы орналасқан.


Сонымен қатар, көруге тұрарлық мұражайлар тізіміне Қазақстанның ұзақ тарихының көрінісі болып табылатын және басты қазынасы 4000 алтын шақадан жасалған «Алтын адамның» әскери киімінің миниатюралы көшірмесі қойылған Орталық мемлекеттік мұражайы, сондай-ақ көптеген ұлттық қазыналар, соның ішінде Қазақстанның зергерлік өнерінің тарихы сақталған А. Кастеев атындағы өнер мұражайы енеді. Қаланың ең үлкен алаңы - Республика алаңы, мұнда кейде парадтар мен фестивальдар өтеді, бұл жерде республиканың тарихына арналған тәуелсіздік монументі орналасқан.


Мәдениет әуесқойлары үшін, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театры Кармен, Богема, Аида, және Аққу көлі сияқты белгілі классикалық қойылымдарды қоса шамамен аптасына 3 рет әртүрлі қойылымдарды көрсетеді. Көркем таулар Алматы қаласының ерекшелігі. Қаланың ең биік нүктесі Көк-Төбеден әдемі көріністерді тамашалай аласыз. Көк-Төбеге жер үсті немесе арқан жолымен жете аласыз.


Әріректе, тауға қарай, теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте әлемдегі ең биік таулы мұз айдыны болып есептелетін - Медеу мұз айдыны орналасқан. Сол жерден 2230 метр биіктікте Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан , ол жерге арқан жолымен жетуге болады. Ұзындығы 1500 метрлік арқан жолы сізді 3163 метр биіктіктегі Талғар шыңына жеткізеді.


Қаланың сыртында Үлкен Алматы шатқалы орналасқан, ал оның аржағында- таза таулы ауамен қамтамасыз ететін, теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы көлі бар; үнемі түсін өзгертетін көл және көптеген таулар демалыс сайын осында саяхатшыларды тартады.


Қазақстанның табиғат кереметтерінің бірі - Шарын шатқалы (3 сағаттық жол) бір күндік сапар үшін тамаша бағыт болып табылады. Шарын шатқалының жасы шамамен 12 миллион жыл.Жел, күн және жаңбырд салдарынан көне қорғандарға ұқсастық беретін тік жартастардан өту ұмытылмас әсер қалдырады.

Нур-Султан 1997 жылдан бері Қазақстанның астанасы болып табылады және еліміздің солтүстік-орталық бөлігінде орналасқан.


Қоныс- орнының қалдықтары VIII немесе IX ғасырларда байқалған. 1830 жылы патша билігі мұнда бекініс тұрғызды, ал қоныс Ақмола деп аталды. 1862 жылы бұл қоныс қала мәртебесіне ие болды және біртіндеп Ресей мен Орталық Азия арасындағы сауда орталығы ретінде дамыды. 1961 жылы қала атауы Целиноград деп өзгертіліп, халқының саны өсе бастады. Егемендік алғаннан кейін қалаға бұрынғы Ақмола атауы қайтарылып, 1997 жылы Қазақстан астанасы Алматыдан көшіп келген соң, ол «Астана» деп аталынды.


Елдің жаңа астанасы солтүстік далада тез өсіп, Қазақстан үшін ХХІ ғасырдың экспонаты болып табылады. Оның сәулеттік келбеті жыл сайын өзінің әдемі ғимараттарымен көркейіп келеді, олардың көпшілігін жетекші халықаралық сәулетшілер салған. Түрлі стильді ғимараттар кең желекжолдар бойымен созылып жатыр. Олардың ішінде британдық сәулетші Сэр Норман Фостер жобалаған бірқатар ғимараттар бар. Осындай құрылымдардың бірі шатыр түрінде салынған - Хан-Шатыр ғимараты. Тамаша сыртқы көрінісіне қоса, сауда үйінің ішінде дүкендер, ойын-сауық орындар, қайықпен саяхаттайтын өзен және тіпті жағажай курорты бар.


Нур-Султанда сондай-ақ, Бәйтерек мұнарасы - басына алтын айна сферасы кигізілген ағаш түріндегі көрме алаңы және бақылау мұнарасы бар. Мұнараның биіктігі – 97 м, бұл Нур-Султан қаласы ел астанасы болған 1997 жылды білдіреді. Фостердің тағы бір туындысы - опера үйі, мұражай және конференц-залдары бар пирамида түрінде салынған Бейбітшілік және Келісім Сарайы.


2017 жыл қала үшін өте маңызды жыл болды, себебі бұл жылы қалада Expo халықаралық көрмесі өтті. Көрменің тақырыбы - «Болашақ энергиясы». Қалада көрмеге қатысқан 101 елдің және көпұлтты корпорациялардың экспонаттарын орналастыру үшін көптеген павильондары бар үлкен көрме алаңы салынды. «ЭКСПО-2017» Астана және бүкіл Қазақстанға үлкен жетістік әкелді.


Нур-Султанның өзіндік ерекшелігі қысы өте суық, желді және жазы ыстық, шаңды , алайда оған қарамастан Нур-Султан - жағымды және келешек энергетикасы мол жас қала . Онда көптеген қонақүйлер, мейрамханалар, сауда орталықтары, спорттық және мәдени орталықтары бар.

Ақтау Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан және оның порты Қазақстандағы ең ірі порт болып табылады. XIX ғасырда Каспийдің шығыс жағалауларына сапар шегу қиын ғана емес, қауіпті болып саналатын. Каспийдің шығысындағы шөлдер, Сахара тәрізді аяқ баспас шөлдер деп саналды. Бұл тек қатаң ауа-райы (жазда + 40 ° C және қыста -40 ° C) немесе өсімдік жетіспеушілігі (мұнда ағаштар мен бұталар өспейді), тіпті шаңды дауылдарды көтере күйдіретін желдердің кесірінен ғана емес. Мәселе бұл аймақта немесе оның айналасында ешбір ауыз судың болмауында еді.


Дәл осы себепті қала Қазақстанның ең жансыз шөлдерінің бірі - Маңғышлақ түбегінде пайда болды. Маңғышлақты ертеректе «суын жоғалтқан жер» деп атаса, қазір ол «су табылған жер» деп аталынады. Ақтау – ол толығымен тұщыландырылған теңіз суын тұтынып өмір сүретін және электр энергиясын ядролық реактор арқылы шығаратын әлемдегі жалғыз қала болып табылады.


Суды тұзсыздандыру қондырғысы күнделікті ондаған мың текше метр Каспийдің тұзды суын буландырып, оны ауыз су мен өнеркәсіптік суды өндіру үшін пайдаланылатын дистиллятқа айналдырады. Қала 1964 жылы жақын жерде тұрған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко деп аталды, бірақ 1992 жылы Ақтау деп өзгертілді. Облыстың экономикалық өсуі 1950 жылдары уранның және мұнай/газдың бай кендері табылған кезден басталды. Қазір бұл мұнай өнеркәсібінің арқасында жылдам өсіп келе жатқан заманауи қала. Сонымен қатар, қала Қазақстанның батысындағы экспорттық дәліз ретінде дамып келеді..


Ақтау қаласы теңізден келетін салқын жазғы самал желдері үшін ашық, ал шығыс шөлінің ыстығынан қорғалған. Демек, мұнда өте жұмсақ теңіз климаты қалыптасты.


Қалада көптеген жағажайлар бар, сондай-ақ Каспийдің жағалау бойымен жағымды сейілдеуге болады. Қаланың орталығында көптеген дәмханалар мен мейрамханалар бар.


Қаланың сыртында, Маңғыстау түбегінде археологиялық табулар қазылып алынды. Түбектің қақ ортасындағы ірі қорғандардан, сондай-ақ күрделі әшекейлермен безендірілген құлпытастары бар қорымдардан көшпенділер заманының петроглифтер галереялары (б.э.д. ХХ - II ғғ.) табылды. Оңғазы тауының маңында мыңдаған жылдар бұрын салынған екі жер асты мешіті табылды. Бұл екеуінің ең қызықтыратыны - Шақпақ ата мешіті, себебі ислам адамның немесе оның денесінің бөліктерін бейнелеуге тыйым салса да, бұл мешіт қабырғаларында лотос гүлдерімен қоршалған адамның алақаны бейнеленген.

Орал - Батыс Қазақстандағы Жайық өзенінің жағасында жайғасқан қала. Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы бола отырып, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр. Қазіргі кезде оның ресми атауы Орал болып табылады, бірақ Уральск атауы әлі күнге дейін кеңінен қолданылады.


«Яйцкий Городок» деп аталатын бастапқы қоныс 1584 жылы Орал және Шаған өзендерінің қиылысында казактармен құрылды. Орал бастапқыда казактар қоныстаған, қаланың жапырақты оңтүстік бөлігі – Курениде сақталған ескі ағаш үйлерімен көз тартатын тариһи маңызды және эстетикалық жағынан тартымды қала болып табылады. 1770 жылдары Яицкий Городок Пугачев көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ренегат Емельян Пугачев, ресейлік империялық күштерден жеңіліп, Ұлы Екатеринаның мейірімділігіне шағын тормен жеткізілместен бұрын, дәл осы жерде өзін заңды патша деп жариялап, шамамен 10 000 казак пен шаруаларды жинаған еді . Пугачевтың идеялық мұрасын мүлдем жою үшін қаланың аты сол кезден «Уральск» деп өзгертілген. Кейінірек Пугачев көтерілісінің оқиғалар хроникасын жазу үшін Пушкин келген.


Қала жаңа атаумен гүлденіп, онда жаңа ғимараттар пайда бола бастады. Азаматтық соғыс кезіндегі шайқаста бұл жерде Қызыл Армия командирі Василий Чапаев қаза тапты. 20-шы ғасырдың ортасынан бастап бірқатар өнеркәсіп салалары құрылды және өңірдегі Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының ашылуы қаланың дамуына айтарлықтай серпін берді.


Орал қаласы Орал өзенінің орта ағымының оң жақ жағалауында және Шаған өзенінің төменгі ағымының сол жағалауда орналасқан. Қала көшелері ағашқа толып, жап-жасыл түрге малынған және көптеген тарихи ғимараттарға ие.


Орал қаласындағы ең көне және ең бағалы ғимараттардың бірі - Атаманның үйі, Атаманның резиденциясы. Оның қасбеті кезінде Оралда болған Пушкин, Жуковский, Даль және Толстойға орналған мемориалдық тақталармен безендірілген. Пугачев көшесінің бұрышында Пушкин мүсіні орналасқан.


Оралдағы ең танымал ғимараттардың бірі ұзақ уақыт бойы қаланың ең ірі ғимараты болып есептелінген, XIX және XX ғасырлар тоғысында салынған көпес Каревтің үйі болып табылады. Аңыз бойынша, Карев, өз үйінің балконынан, күн шығысын таңертеңгі шәйін іше отырып қарсы алғаннан ләззат алатын досы, көпес Овчинниковпен керісіп қалып, оған енді күн шығысын ешқашан көрмейтініне уәде береді. Шынында, көшенің қарама-қарсы жағында салынған үй Овчинниковтың үйінің шығыс жағын мәңгі жауып тастады.


Ораладағы көптеген ескерткіштер арасында 1943 жылы Екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқан - пулеметші Мәншүк Мәметоваға және маршал Жуковқа арналған ескерткіштер бар..


1840 жылы ашылған қаланың мәдени және демалыс саябағы – республиканың ең көне саябағы, екі ғасырлық емендер өсіп жатқан Шаған өзенінің көркем жағалауында орналасқан. Саябақ көптеген жылдар бойы Орал қаласы тұрғындарының сүйікті орыны болып табылады.

Ақсай Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігіндегі далалар арасында , Утва өзенінің жағасында орналасқан. Бұл шамамен Оралдан 150 шақырым шығысқа қарай жерде.


Қазіргі Ақсай қаласының орнында 20 ғасырдың басында украин иммигранттарымен негізделген Новогеоргиевск кенті болатын. Ол сондай-ақ Орал мен Соль-Илецк арасындағы теміржолдың тоқтау нүктесі болды; теміржол станциясы Қазақстан деп аталды (станция атауы әлі күнге дейін сақталды).


1963 жылдан бастап, бұл жерге қала үлгісіндегі кент мәртебесі беріліп, ол Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданының орталығына айналды, кейінірек, 1967 жылы қала атауы Ақсай деп өзгертілді. 1985-1992 жылдары шығыс еуропа құрылысшылары салған тоғыз қабатты тұрғын ғимараттары бар бірнеше заманауи шағын ықшам аудандар құрылып, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы (мектептер, балабақшалар, сауда орталықтары) әзірленді.


Алайда бірінші кезекте Ақсай қаласының маңыздылығы қаладан 25 шақырымда орналасқан әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақпен байланысты. Қарашығанақ кен орнын дамыту халықаралық мұнай-газ компанияларының инвестицияларын тартты, сондықтан қалада жергілікті және шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін жергілікті және халықаралық мұнай-газ сервистік компанияларының саны зор. Көптеген сервистік компаниялар және олардың қызметкерлері қаланың орталығына жақын чех кентінде орналасқан. Қалада жаңа қонақүйлер, мейрамханалар және сауда орталықтары ашылды.

Теңіз – солтүстік-батыс Қазақстанның ойпаттық батпақтарында, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы мұнай және газ кен орны. Ол кіші Королев кен орны мен бірнеше әлеуетті барлау аймақтарын қоса, 2500 шаршы шақырым (970 шаршы миль) лицензиялық аумақты қамтиды (970 шаршы миль).


Теңіз коллекторы ұзынынан 19 шақырымға (12 миль) және енінен 21 шақырымға (13 миль) созылады.


1979 жылы табылған Теңіз кен орны - тарихтағы ең ірі кен орындарының бірі.


Теңіз Атырау облысының Жылыой ауданында, айналма жолмен Атыраудан шамамен 330 шақырымда орналасқан. Теңіз кенішінің айналасы – жазық және құрғақ дала. Ауа-райы континентальды , жазда + 40 ° C-дейін көтеріліп, қыста -40 дейін түсуі мүмкін. Жазық далада аттарды, түйелерді және бүркіттерді көруге болады. Кен орнына ең жақын орналасқан қала - Құлсары, ол кен орнынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан және Жылыой ауданының әкімшілік орталығы болып табылады. Өнеркәсіптік қала ретінде Құлсары қаласы өткен ғасырда, аймақта мұнай табылғаннан кейін дами бастады (бұл аймақта мұнай алғаш рет 100 жыл бұрын табылған). Құлсарыда Атырау, Ақтау және Ақтөбе бағыттарын қамтитын теміржол вокзалы орналасқан, сондықтан Теңізге және кері жол жүретін жүретін қызметкерлердіңкөпшілігі осы жер арқылы өтеді. Теңіз кенішінің инфрақұрылымы жобада жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған кеңселер, кенттер, тұрғын үй-жайлар мен демалыснысандарын қамтиды.


2009 жылы «Болашақ» өзінің халықаралық нысандарындағы қызметін қолдау үшін Ұлыбританияда халықаралық кеңсесін құрды. «Болашақ Интернешнл» қызметі үздіксіз өсуде. Бүгінгі күні біз Фарнбородағы кеңсеміз арқылы көптеген Ұлыбританиядағы мердігерлік қызметкерлерімізге қолдау көрсетіп келеміз, біз Оңтүстік Кореяда табысты серіктестік орнаттық және біз ғаламдық желіміз арқылы басқа халықаралық нысандардағы қызметкерлерге де қолдау көрсете аламыз.


Болашақ Фарнборо

2014 жылы Болашақ Фарнборо қаласында жаңа жобасын бастап, техникалық кеңсесін ашқан негізгі клиенттерінің біріне қолдау көрсету мақсатындажәне өзінің Лондондағы қызметінің қосымша филиалы ретінде, Фанборо қаласында кеңсесін ашты. Фарнборода орналасқан клиентіміз бен өз қызметкерлерімізге қызмет және қолдау көрсету сапасын жақсарту мақсатында, 2015 жылы Ұлыбританиядағы кеңсені Фарнбороға көштіру туралы шешім қабылданды.


Фарнборо қаласы –Гэмпшир графствосынан солтүстік-шығыс бағытында, Лондоннан оңтүстік-батыс бағытымен а 55 км қашықтықта, орналасқан. Оның тариһы ағылшын-саксон кездерінен басталған. Ағылшын-саксондар V ғасырда Ұлыбританияны мекендеген халық. Олар континентальды Еуропаның аралына қоныс аударған Германиялық тайпалардан құралған. Қаланың аты ағылшын-саксондық «Ferneberga» сөзінен шыққан, ол «Қырыққұлақ белесі» деген мағынаны білдіреді. 1066 жылы нормандтықтар жаулап алғаннан кейін, Фарнборо 1086 жылғы шыққан Қиямет күні туралы кітапта атап өтілген.


Біраз уақыт бойы Фарнборо Наполеон ІІІ және оның зайыбы Евгенияның баспанасы болған. Наполеон ІІІ Наполеон І –нің інісі болған, және бастапқысында, 1848 жылы, бейбітк жолмен Франция президенті ретінде сайланған ол, 1851 жылы билікті басып алып сол кезден бастап, франко-прусстық соғысындағы жеңілісінен кейін 1870 жылы Фарнборо қаласына жер аударылғанға дейін, император Наполеон ІІІ болып аталды. Ол зайыбымен бірге Фарнбородағы Қасиетті Майкл Аббаттығының императорлық сағанасында жерленген. Оның бұрынғы үйінде қазір әйелдер колледжі орналасқан.


Алайда, Фарнборо көбіне авиациямен тығыз байланыстырылады. Оның авиациялық тарихы 1904 жылы, аэростат өндіріс зауытының Фарнборо қаласына көшіріліп, көптеген өзгерістерден кейін Корольдік авиациялық зауытына айналған кезінен басталады. 1908 жылы Фарнборода алғашқы рет Біріккен Корольдіктегі қозғалтқышпен жұмыс істейтін ұшақтың ұшуы ұйымдастырылды. Қазіргі кезде авиациялық қызметтердің көпшілігі жекешелендірілген, ал ескі алаң бизнес-парктерге айналдырылған. Біздің кеңсеміздің айналасын шолып өтсек, тарих іздерін байқауға болады. Біздің «The Hub» ғимаратымыз ертеде «Q134» деп аталған, ол Қару аэродинамикасының ғимараты болған. Сондай-ақ бұл жерде Ұлттық авияциялық-ғарыштық кітапхана орналасқан. Суреттерден байқасақ ғимараттың төбесіндегі диспетчерлік мұнара секілді авияциялық тарих іздері әлі күнге дейін сақталғанын көреміз.


Бүгінгі таңда Фарнборо жеке-меншік ұшақтарды қабылдайтын әуежай ретінде жұмысын жалғастыруда, және Фарнборо Халықаралық аэроғарыштық салонның отаны болып табылады. Ол екі жылда бір рет, Париж әуесалонымен кезектесіп өтеді.


Біз Фарнборо және Біріккен Корольдіктің басқа аймақтары мен халықаралық нысандарында жұмыстарын жүргізетін негізгі клиентіміз бен қызметкерлерімізге қолдау көрсету жұмысын , үздіксіз атқарамыз.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.

Компания жаңалықтары

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.