kz
RU EN
Біздің көп ұлтты кадрларды өздерінің бай тәжрибесі мен дағдыларын қолдана отырып , табыстарға жеткізу үшін жедел де оралымды басқаратын мықты тобымыз бар. Қазақстандық кеңселеріміздегі қызметтерге көп тілді меңгерген қазақстандық мамандар жинақталып, әзірленген, оларға мұнай-газ өнеркәсібі саласында халықаралық деңгейде қызмет көрсете алатын , сондай-ақ Қазақстанда бизнес жүргізуден зор тәжірибеге ие шетелдік және қазақстандық азаматтардан тұратын атқарушы топ басшылық етеді.

Ричард Малкахи

Болашақ Групп Төрағасы
Ричард Малкахи қызметкерлерді іріктеп алу саласында 30 жылдық тәжірибесі бар маман. Мұнай-газ саласында көпжылдық жұмыс тәжірибесінен кейін, Ричард Swift Technical компаниясын көптеген жылдар бойы басқарып, компанияның мұнай-газ саласында жұмыс күшін іріктеуде жетекші халықаралық жеткізушінің біріне айналуына көмектесті. «Болашақ» компаниясы халықаралық мұнай-газ саласында Ричардтың біліміне сүйене алады. Қызмет көрсету саласындағы жоғары білікті атқарушы маман ретіндегі оның табысы мен тәжірибесі «Болашақ» компаниясының өсу стратегиясын дамыту және жүзеге асыруға салған орасан зор үлесі болып табылады.

Крис Уэлдон

Стратегиялық даму және ақпараттық делдалдық бойынша директор
Крис Уэлдон халықаралық құрылыс және мұнай-химиялық өнеркәсіпте 30-жылдық тәжірибесі бар БӨҚ және электр жабдықтама саласындағы инженер болып табылады. Крис 1990-жылдар ортасында ТМД-ға көшер алдында, Африкадағы құрылыс жобаларында он жылдан астам уақыт жұмыс істеген, содан кейін бұрынғы Кеңес одағында бизнес жүргізудің мол тәжірибесін жинай отырып, орыс тілін жетік меңгерген. Крис «Болашақ» компаниясы құрылған сәттен бастап оның ажырамас бөлігі болып табылады, 2001-2007 жж. аралығында Басқарушы Директор ретінде жұмыс істеді.Крис өзіне тән ынталықпен Болашақта стратегиялық даму мен ақпараттық делдалдық Директоры ретінде компания қызметін техникалық салаға кеңейту кезеңінде белсенді рөль атқарады.

Tim Bentham

Корпоративті қарым-қатынастар бойынша Директор
Тим Бентамның Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібіндегі қызмет көрсетуші компаниялармен 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Тим орыс тілін жетік меңгерген және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде, атап айтқанда Қазақстанға мамандандырылған, бизнес жүргізу ісіне кең таным жинады. Жеті жыл ішінде Қазақстандағы мұнай-газ саласында қызмет көрсету бойынша компанияның коммерциялық және әкімшілік қызметін басқара жүріп, 2000 жылы Тим мұнай-газ саласы үшін қызметкерлерді іріктеп алу қызметіне кірісті. 2001 жылы Тим "Болашақ" компаниясының коммерциялық директоры болып тағайындалып, компания негізі қаланғаннан бері оның қазіргі нарықтағы көшбасшы дәрежесіне жету кезеңде коммерциялық қызметтер және келісімдердің орындалуына жауапты тұлға.

Бизнес топтық құрылымға ауысқалы және жаңа бизнес бағыттар мен бірлескен кәсіпорындар дамуына байланысты Тим өз назарын корпоративті мәселелер, коммерциялық қолдау көрсету, сабағаттық қызметтерге шоғырландырды.

Алма Нсанбаева

Бас директор
Алма "Болашақ" компаниялар тобына 2012 жылы қосылды және компанияның дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Ол әр түрлі салаларда және көпұлтты компанияларда қызметкерлерді басқаруда 12 жылдық тәжірибесін алып келеді. Адамдар кез-келген ұйымның ең маңызды ресурсы болып табылады, сондықтан Алма "Болашақ" үшін өте маңызды рөл атқарады. Оның басшылығымен мамандар ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мен енгізуде айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Өзінің жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларымен ол қызметкерлерді оқыту мен дамытудың тиімді бағдарламаларын сәтті жүзеге асыра алды. Заң, экономика, менеджмент, MBA дәрежесі және кең жұмыс тәжірибесін және әр түрлі салаларда білімін алып келе тұра, ол еңбек қатынастары мен тұлғааралық қақтығыстарды басқарудың барлық аспектілерін біледі. Өзінің көшбасшылығының, мықты ұйымдастырушылық қасиеттерінің және кәсібилігінің арқасында Алма қызметкерлерді басқару мен компанияның дамуына серпін мен оң өзгерістер енгізді. 2024 жылдың мамыр айынан бастап Алма Бас директор лауазымына тағайындалды.

Марат Тұрақбаев

Қаржы директоры
Марат Тұрақбаев компаниялар тобының қаржылық жүйесінің нығаюы мен дамуына маңызды үлесін қосты. Ол қаржы саласында 12 жылдық тәжірибеге ие, және ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілдерін жетік меңгерген. Мараттың еңбек ғұмырнамасы ірі халықаралық сервистік мұнай-газ компанияларында істеген 8 жылдық жұмысты қамтиды. Ол жерлерде Каспий аймағы бойынша бухгалтерлік есеп менеджеріне дейінгі еңбек жолын өткен болатын. Марат қаржылық менеджмент, кәсіпорынды басқару жүйелерін енгізу, аудит пен ішкі бақылау, сондай-ақ аутсорсинг негізінде басқа ұйымдар орындайтын қызметті басқару мәселелерін жақсы біледі. Болашақтағы Мараттың міндеттеріне компанияның қаржылық есептерін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес жүргізу, бысшылық және Директорлар кеңесі үшін барлық қаржылық есептер мен деректерді дайындау кіреді және бұл жұмыс қаржылық қызмет пен бухгалтерлік есептің барлық тұстарын қамтиды. Ол біздің барлық қаржылық және бухгалтерлік мәселелеріміздің шешілуіне жауапты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.

Компания жаңалықтары

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.