«БОЛАШАҚ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

«Болашақ» - қазақ тілінде «Келешек» деген мағына береді, бірақ өткен уақытқа тоқталып кетуді де жөн көрдік.

2000 жылы «Болашақ» Қазақтанда негізін қалады. Содан бері, біз Қазақстанда кадрлік шешімдерді ұсынудан жетекші компанияға айналдық, және Қазақстанның барлық ірі мұнай-газ жобаларына қолдау көрсетуде негізгі рөлді атқарып, сондай-ақ өзге салаларда да қызметтердің кең жиынтығын көрсетіп, СҚ/СБ Инспекциялары, Іске қосу жұмыстары және Оқыту салаларын қамти отырып, өзінің қызметтер шоғырын кеңейтуде.

компания тарихының негізгі оқиғаларын атап кетсек:

2000: Компания негізі қаланды және Атырау, Теңіз және Ақсай қалаларында кеңселері ашылды.
            Қарашығанақ жобасына қызметкерлерді қамтамасыз етуден алғашқы келісім-шарт жасалды.

2001: Қазақстандағы екі ірі жобаға қызмет көрсетуге келісім-шарт жасалды.

2002: «Болашақ» ISO 9001 сертификатын алды.

2003: Іске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша алғашқы жоба аяқталды.

2004: Астанада ірі құрылыс нысанына қызмет көрсетуге келісім шарт жасалды.

2005: Сапаны қамтамасыз ету және бақылау қызметтерін көрсетуден алғашқы келісім-шарт жасалды.

2006: Компания қызметкерлер саны 1 000-ға жетті.

2007: Компания қызметкерлер саны 2 000-ға жетті.

2008: «Теңіздегі қауіпсіздік техникасының негіздері және апаттық жағдай кезінде іс-әрекеттер» (BOSIET) және басқада
           қауіпсіздік курстарын оқыту мақсатында «SEFtec Global Training» БК құрылды.

2009: Бас кеңсесі Лондон каласының орталығында орналасқан «Bolashak International» компаниясы құрылды.
           Қызметкерлер саны 3 000-ға жетті.

2010: «Имтэк Болашақ» БК-мне ынтымақтастықта, іске қосу-реттеу жұмыстарын атқаруға алғашқы келісім-шартқа
           қол қойды.

2011: Қазақстан ішінде және одан тысқары елдерде қызмет көрсету және қызметкерлерді қамтамасыз етуге
           келісім-шарттар құрылды.

2012: Болашақ-Атырау компаниясы Қазақстандағы барлық жобаларында жергілікті персоналдың үлесін
           80%-пайызға жеткізді.

2013: Теңіз кенішіндее цех, қойма, дәнекерлеу базасы, жатақхана және асхана жайлары бар база ашылды.

2014: Bolashak International дамуын жалғастыруда және Клиентіміздің жобаларына қолдау көрсету мақсатында
           Фарнборо қаласында кеңсесінашты.

2015: Оңтүстік Кореяда қызмет көрсету мақсатында, Coens компаниясымен серіктестік құрылды.

2016: клиентке жергілікті және шетелдің қызметкерлерді жеткізу бойынша жаңа келісім-шарт жасалды.

«Новус Болашак»– Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсіп секторіне Мамандандырылған Жоспарлау, өндірістік пайдалануға енгізу және Іске қосу-жөндеу саласындағы шешімдерді ұсынуға бағытталған бірлескен кәсіпорын құрылды