Slideshow Image 1
Slideshow Image 2
Slideshow Image 3
Slideshow Image 4

Қазақстанда және басқа елдерде техникалық және кадрлар мәселелерін кешенді шешу

«Болашақ» Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен, машина жасау және басқа өнеркәсіп салаларында техникалық және кадрлар мәселелерін шешуде алдыңғы қатарлы компания болып табылады.

Біз туралы

«Болашақ» жұмыс күшін ұсыну, қызметкерлерді ірікте, сапаны бақылау, қабылдап алу үшін бақылау, және де басқа өндірістік қызметтерді қоса кең ауқымды қызметтер көлемін көрсетеді. «Имтэк Болашақ» компаниясымен cеріктестік арқасында, біз электр жабдығы, бақылау-өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету, іске қосу-реттеу жұмыстары, еңбек қауіпсіздігі қызметтерін ұсынсақ; «SEFtec Global Training» компаниясымен серіктеcтік, бізге өндірістік және тренинг қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда қызмет көрсетудің ұзақ және табысты жолы, республика аймағына таралған алты кеңсе, Лондон ортасында орналасқан кеңсе, саны 3000-нан асатын қызметкерлер, білікті және тәжірибелі мамандар туралы ақпаратты қамтитын үлкен дерекқор арқасында, біз өз клиенттеріміздің қажеттілігін қанағаттандыруға әрқашан дайынбыз.


Жаңалықтар


10/05/2017 - Болашақ- Атырау компаниясы «APEC PetroTechnic жоғарғы колледжі» ЖШС-де жәрмеңкесін өткізді.



Болашақ- Атырау компаниясы «APEC PetroTechnic жоғарғы колледжі» ЖШС-де, осы жылы «Мұнай және газ өндіру технологиясы» мамандығы бойынша оқу бітіретін студенттер үшін, бос қызмет орындар жәрмеңкесін өткізді.



Бұлы оқу орнының студенттері ағылшын тілін жетік біледі, көпшілігі жетекші компанияларда түрлі мамандықтар салаларында жұмыс жасап үлгерген, соның ішінде: қаржылық лауазымдар, ТҚ, кадрлер бөлімі, әкімшілік лауазымдаржәне қазіргі кезде олар екінші жоғары білім алуда.



Бүгінгі күні біз компанияның түрлі бөлімдерінің басшыларымен біріге отырып, сондай-ақ клиенттеріміздің көмегімен, осы келешегі зор жастар үшін қызметке орналасу мүмкіншіліктерін қарастырудамыз.



Оларға сәттілік пен табысты мансап тілейік! Сәт сапар, түлектер!